Создать сайт на a5.ruАлматы қаласы білім басқармасы
«№178 лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Әдістемелік кеңес отырысы
№1 хаттама
28 тамыз 2018 жыл
Қатысқандар-143
Қатыспағандар-0
Тақырыбы: «Жоспарлар, нұсқаулықтар, ақпараттар».
Күн тәртібінде:
Жауапты: ДҒІЖО Китапбаева Б.Т.
ӘБ, кафедра жетекшілерінің жоспары, дарынды оқушылармен жұмыс жоспары, ОҒҚ жоспары, жас мамандармен жұмыс жоспарын бекіту.
Жауапты: ДҒІЖО Китапбаева Б.Т.
Жауапты: ДҒІЖО Китапбаева Б.Т.
Жауапты: ДҒІЖО Китапбаева Б.Т. кафедра жетекшілері
Жауапты: ДҒІЖО Китапбаева Б.Т.
Жауапты: ДҒІЖО Китапбаева Б.Т.
Тыңдалды:
Бірінші мәселе бойынша директордың ғылыми істер жөніндегі орынбасары Китапбаева Б.Т. сөз сөйледі.
Лицей 2017-2018 оқу жылын барлығы 66 сынып комплектісімен, 2299 оқушымен бастап, 2311 оқушымен аяқтады. Оның ішінде 43 сынып комплектісі 5-9 сыныптар, 13 сынып комплектісі 10-11 сыныптар.
Оқу озаттары – 874
Оқу екпінділері – 1099
Оқу үлгерімі – 100% , білім сапасы – 85,5%
Педагогикалық кадрлар -164 мұғалімнен құралды. Оның ішінде 54 жоғары санатты, 26 бірінші санатты, 59 екінші санатты, 24 санаты жоқ мұғалімдер.
Жалпы 2017-2018 оқу жылындағы лицейдің жеткен жетістіктері төмендегідей.
Қ. Бітібаева атындағы қазақ тілімен әдебиетінің пәндік олимпиададан 11 «Г» сынып оқушысы Серік Мадина 2 дәрежелі диплом пән мұғалімі А.А.Ауелбекова.Аудандық пәндік олимпиададан Ахметова Алтынай 10 «Ә» 3-орын пән мұғалімі: Бөрібаева А.С, Есенбаева Айя 9 «Ә» 3-орын пән мұғалімі: Үсентаева Б.А, Алимғазы Рания 8 «Ә» 3-орын иеленді.
География пәнінен Республикалық ІІІ дәрежелі диплом Абысқожа Әнел 10«Б» сынып оқушысы пән мұғалімі: Ағажанова И.Қ.
Қалалық олимпиада жүлдегері ІІ дәрежелі диплом пән мұғалімі: Ағажанова И.Қ.
Республикалық Ұлттық Интернет олимпиадасы 5 «Қ» сынып оқушылары Жексембай Маржан, Шаймерден Азамат, Акашева Жанель, Джаманов Ануар, Қойекеева Айдана, Шамлақпаев Айдын ІІ дәрежелі диплом иеленді .
Пән мұғалімі: Рапилова Э.Ж. Аудандық «Мұқағали оқушыларынан» Сәкен Талшын 10 «Ғ» сынып оқушысы 2-орын пән мұғалімі: Ауелбекова А.А. ерекшеленді.
Аудандық «Абай оқушыларынан» Егемов Сұлтанбек 1-орын пән мұғалімі: Бөрібаева А.С. Ахметқазиева Талшын 7 «Ә» 1-орын пән мұғалімі: Исабаева Б.Т.
Аудандық «Қадыр Мырза Әлі оқушыларынан» Бердашев Абылай 5 «Ғ» 3-орын пән мұғалімі: Оспанбекова А.К. иеленді.
Аудандық «Шәкәрім оқулары», «Сахналық қойылым» номинациясы 9 «А» сынып 3-орын иеленді. Пән мұғалімі: Оразалиева Т.Ә. Жетістіктерге қысқаша тоқтала отырып ағымдағы жылда атқарылатын жұмыстардың бірқатарына тоқталды.
Екінші мәселе бойынша директордың ғылыми істер жөніндегі орынбасары Китапбаева Б.Т. өз сөзін жалғастыра келе, Қ.Р. Білім және ғылым министірінің 2013 жылғы 3 сәуірдігі №115 бұйрығына 192-қосымша, «Негізгі және орта білім беру деңгейінің 5-9 сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде) бойынша жасалғанын айтып өтті. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына, сәйкес әзірленген.
Қазақ тілі пәнінің мазмұнын ұйымдастыру мен оның жүктемесі төмендегідей:
5 сынып аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат
6 сынып аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат
7 сынып аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат
8 сынып аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат
9 сынып аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат
Оқу мақсаттары 4 бөлімнен тұрады. 1 тыңдалым және айтылым, 2 оқылым, 3 жазылым, 4 әдеби тіл нормалары.
Сонымен қатар Қ.Р. Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы №292 қаулысына 7-қосымша Қ.Р. Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамызындағы №1080 қаулысымен бекітілген.
Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. Оның жалпы ережелерімен таныстарып өтті. Жалпы орта білім берудің оқу бағдарламаларында оқытудан күтілетін нәтижелер әрбір оқу пәнінің бөлімдері бойынша оқыту мақсаттарымен нақтыланатыны, оқытудан күтілетін нәтижелер жүйесі білім алушылардың, оның ішінде ерекше оқушыларға жасалатын жағдайлар талқыланды.
Қ.Р. білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы елімізде адами капиталды дамытуда сапалы білімге қол жетімділікті қамтамасыз ету арқылы қазақстандық білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды міндет етіп қояды.
2018-2019 жылғы оқу жылында 1,2,3,5,6,7,8 – сыныптар жаңартылған білім мазмұны бойынша, ал 4,9,10,11 – сыныптар 2013 жылы бекітілген оқу бағдарламасымен білім алады.
2018-2019 оқу жылының ұзақтығы: мектепалды сыныптар үшін – 32 апта, 1 сыныптар үшін – 33 апта, 2-11 сыныптарда – 34 апта болады.
2018-2019 оқу жылында критериалды бағалау жүйесі 1,2,3,5,6,7,8 – сыныптарда жүзеге асырылады. Критериалды бағалау жүйесі формативті бағалауды және ішкі жиынтық бағалауды қамтиды. Критериалды бағалау білім алушылардың дағдыларын дамыту дәрежесін бағалауға мүмкіндік береді.
Үшінші мәселе бойынша
Директордың ғылыми істер жөніндегі орынбасары Китапбаева Б.Т. сөйледі. Лицейде 6 кафедра жұмыс істейді.
Әр кафедра жетекшілері өздерінің 2018-2019 оқу жылына жасаған жоспарларымен таныстырды, талқылады.
Дарынды оқушылармен жұмыс жасау қазіргі қоғам үшін өзекті мәселе болып тұр. Ол үшін мектебімізге жоғарғы талаптар қойылады. Ерекше қабілеті бар дарынды балалармен жұмыс жоспары төмендегідей болуы керек.
Мектебімізде 9 жас маман еңбек етуде. Сол жас мамандарға төмендегі мұғалімдер тәлімгерлік көмек көрсету жұмыстарымен айналысады.
Төртінші мәселе бойынша директордың ғылыми істер жөніндегі орынбасары Китапбаева Б.Т.бейімделген пәндер, факультатив, арнайы курстар, КТЖ сөйледі. Негізгі мектепте 5-7 сыныптарда жүктеме 3 сағатқа, 8-9 сыныптарда 4 сағатқа қысқартылды. Инварианттық жүктеме барынша қысқартылып, білім алушыларға тереңдетіп оқу үшін пәндерді таңдауға мүмкіндік беріледі. Мысалы: 1-11 сыныптарда дене шынықтыру пәнінің вариативке түсірілген 3 сағатының 1 сағаты міндетті түрде спорт ойындарын өткізуге арналады. Жаратылыстану пәні 1-ден 6-сыныпқа дейін оқытады.
Жаратылыстану-математика бағытындағы 10-11 сыныптарда алгебра және анализ бастамалары 4-тен 3-ке дейін, қазақ тілі мен әдебиеті 5-тен 3-ке дейін, ағылшын тілі 3-тен 2-сағ дейін, Қазақстан тарихы 2-ден 1 сағ дейін азайту жоспарлануда. Жаңартылған білім бағдарламасы бойынша жасалған күнтізбелік жоспар (КТЖ), қысқа мерзімді жоспарлар (ҚМЖ) қалай құрылу керектігі ортаға салып талқыланды.
Бесінші мәселе бойынша әрбір кафедра жетекшілері өз онкүндігін өткізу мерзімі мен жұмыс жоспарлары жөнінде сөйледі.
Қыркүйек,жетекшісі Сатбаева Р.С.
ақпан, Слямгалиева Г.Н.
Осы кесте бойынша жұмыс жоспары талқыланды.
Сөз алды:
Алтынша мәселе бойынша директордың ғылыми істер жөніндегі орынбасары мен кафедра жетекшілері сөйледі. Биылға 2018-2019 оқу жылы төмендегі 27 пән мұғалімдері өздерін кезекті және кезектен тыс аттестациядан өтуге өтініш білдіріп отыр. Соның ішінде:
Педагог-мастер санатына:
Педагог-зерттеуші санаты бойынша:
Педагог-сарапшы санатына:
Осы жоғарыда аталып кеткен мұғалімдерге біліктіліктерін арттыру жөнінде толық ақпараттар алынып, таныстырылды.
Сонымен қатар әр кафедра олимпиада мен ғылыми жоба сайыстарына, интелектуалды ойындарға қатысуға оқушылардың тізімдері берілуі тапсырылған болатын. Сол бойынша төмендегі тізім бойынша оқушылар ғылыми жобаға қатыстырылады.
Физика пәнінен 8 оқушы:
Манатбаева А 8 «И»
Қайрат И 11 «Г» жетекшісі: Слямгалиева Г
Қожамұратов И 10 «Ж» жетекшісі: Слямгалиева Г
Әбдікерім Б 10 «Ж»
Имангалиевв А 10 «Ж»
Гумаров Р 10 «Ж» жетекшісі: Слямгалиева Г
Математика пәнінен 11 оқушы
Күзербай К 10 «Ғ»
Жарасова А 10 «Ғ» жетекшісі: Китапбаева Б.Т
Хаджиакбар Н 11 «А»
Ғалымжанұлы Д 11 «А» жетекшісі: Есенгалиев С.Т
Қожахметов А 10 «Ә»
Даулетбақ Ә 10 «Ә» жетекшісі: Қиябаева З.Н
Намысбек Б 8 «Е»
Абдибекова А 8 «Е» жетекшісі: Муслимова А.К
Бабағұмыр Ұ 10 «Ә»
Райымбек Л 10 «Ә»
Сәлімұлы С 10 «Ә» жетекшісі: Қиябаева З.Н
Қазақ тілі мен әдебиетінен
Парибай З 11 «В» жетекшісі: Қайрбай Қ.С
Мұхтаров Д 9 «В»
Маулетхан Н 9 «В» жетекшісі: Ертуганова Б.Т
Айқтибаева А 10 «Б»
Жүсіп А 10 «Б» жетекшісі: Сатбаева Р.С
Орыс тілі пәні бойынша
Есенова А.
Садибекова А жетекшісі: Каирбаева М.А.
Арапбек Ғ 9 «В»
Кендаулет Н 9 «В» жетекшісі: Шегалиева Л.
Казиева Дана 9 «Г»
Казиева Дина 9 «Г» жетекшісі: Омарова К.Т
Абдиади Р 10 «Ж»
Абижай А 10 «Ж» жетекшісі: Ханасилова С.К
Биология пәнінен
Санатұлы О 6 «Г»
Кахаров Д 8 «Ә» жетекшісі: Джумабаева Г.
Бекетқызы Ж 8 «И»
Ахметқазиева Т 8 «И» жетекшісі: Айдарова А.
Химия пәнінен
Ысқақ Д 11 «Б» жетекшісі: Каимова К
Тарих пәнінен
Досжанова Ә 11 «А»
Бексұлтанова Ш 11 «А» жетекшісі: Шынасыл Ғ
«Дарын» Руспубликалық ғылым-практикалық орталығындағы ұйымдастырылатын ғылыми жобаға оқушыларды қатыстыру жөнінде тапсырмалар берілді.
Жетінші мәселе бойынша директордың ғылыми істер жөніндегі орынбасары Китапбаева Б.Т. сөйледі. Биылғы 2018-2019 оқу жылында төмендегі кабинеттер сертификаттауға ұсынылады.
№428 кабинет меңгерушісі: Ноғайбаева Ж.Е
№427 кабинет меңгерушісі: Омарова К.Т
№429 кабинет меңгерушісі: Шегалиева Л.К
№433 кабинет меңгерушісі: Сапарбекова Ш.Т
№432 кабинет меңгерушісі: Разуанқызы Г
№336 кабинет меңгерушісі: Оразалиева Т.А
№325 кабинет меңгерушісі: Бекболатова Т.Е
№324 кабинет меңгерушісі: Коккозова М.О
№326 кабинет меңгерушісі: Суртаева Ж.С
№322 кабинет меңгерушісі: Шынасыл Ғ.Ж
№223 кабинет меңгерушісі: Жумагулова С.А
№222 кабинет меңгерушісі: Нұрбекова Б.Б
Шешімі:
Әдістемелік кеңес хатшысы: Ертуганова Б.
Алматы қаласы білім басқармасы
«№178 лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Әдістемелік кеңес отырысы
№2 хаттама
31 қараша 2018 жыл
Қатысқандар-137
Қатыспағандар-6
Тақырыбы: Жаңартылған білім берудегі критериалды бағалау үрдістері.
Күн тәртібінде:
Жауапты: кафедра жетекшілері
Тыңдалды:
Бірінші мәселе бойынша қоғамдық – гуманитарлық пәндер кафедрасының жетекшісі Жанат Ескермесовна Ноғайбаева сөз сөйледі. «Жаңартылған білім берудегі критериалды бағалау үрдістері» тақырыбында баяндама жасады. Баяндамашы сөз барысында критериалды бағалау жүйесінің мақсаттары мен міндеттері, басты ерекшелігі мен жүйенің мүмкіндіктерін тілге тиек етті. Сонымен қатар критериалды бағалаудың артықшылықтары қаншалықты маңызды екендігін айтып өтті. Критериалды бағалаудың қағидаттары неге байланысты жүзеге асырылатыны түсіндіріліп кетті. Жалпы критериалды бағалаудың құрылымы, қалыптастырушы бағалау, кері байланыс не екендігі де түсіндіріліп кетті. Жиынтық бағалау, тоқсандық жиынтық бағалау, рубрика, тоқсандық жиынтық бағалау қорытындысын модерациялау жөнінде де тың жаңалықтар айтылып, әріптестерінің сұрақ-жауаптары жүргізіліп кетті.
Екінші мәселе бойынша қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы жетекшісі Р.С. Сатбаева есеп берді.
Жоғарыда аталған кафедраның 17-27 қыркүйек аралығында «Тілге құрмет – елге құрмет» атты онкүндігі өткен болатын. Мақсаты: Мемлекеттік тілге деген құрмет пен оның мәртебесін арттыру, жас ұрпақтың бойына туған жеріне, өз ұлтына деген сүйіспеншіліктерін қалыптастыру, сөйлеу, жазу мәдениетін дамыту, көшбасшылыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу болатын. Бұл онкүндік барысында барлық пән мұғалімдері ашық сабақтар берді.
Етекбаева Ж, Уразбаева Ж, Сатбаева Р, Исабаева Б, Бекежанова К, Ертуганова Б, Қуанбаева Б, т.б өткізген ашық сабақтарында жаңа мазмұндағы бағдарлама негізінде төрт дағдыны оқушыға меңгерту барысында әдістерді тиімді пайдалана отырып, сабақ мақсатына жетті.
20 қыркүйекте «Тілге құрмет – елге құрмет» атты тақырыпта қоғам қайраткері Асылы Османмен кездесуді пән мұғалімдері Сатбаева Р, Усентаева Б, Нртуғанова Б ұйымдастырды. Бекежанова К, Қуанбаева Б жетекшілігімен «Өлеңге менің дағы бар таласым» атты жас ақындар мүшайрасы 6-7 сыныптар аралығында өтті.
Онкүндік барысында жоспарланған кездесу бойынша ақпарат «Қазақстан» телеарнасында көрсетілді.
Сөз алды: Үшінші мәселе бойынша әрбір кафедра жетекшілері өз кафедраларының І тоқсан бойынша жұмыстары қорытындысын айтып өтті. Жалпы алғанда қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің кафедрасы І тоқсан бойынша жүргізілген іс-шаралар ретінде
а) «Тілге құрмет – елге құрмет» тілдер мерекесі
ә) «Ұстаз – ұлағатты тұлға» мұғалімдер мерекесі, «Тұлпар мініп ту алған» байқауында диплом, 2 орын мектебіміз қанжылады.
б)«Тастамашы ана» кітабы бойынша мәнерлеп оқудан құрмет грамотасы алынды. Мұғалімі Кенжебаева М.К. в) «Алтын күз» лицейішілік шаралар жоспарланып өткізілгендігін алға тартса, қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасы жетекшісі Ноғайбаева Ж.Е. «Адал ұстаз» қалалық конкурсында мектептің тарих пәні мұғалімі Ғ. Шынасыл ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталғандығын басқа да кафедра жұмыстармен қоса айтып өтті.
Директордың бағдарлы оқу ісі орынбасары Г.Даулетбаева тарапынан қалалық әдістемелік кабинет тарапынан тамыз айында кабиеттер тексеріліп, 12 кабинет сертификатталды. Сонымен қатар, «Нормативті құжаттармен жұмыс» тақырыбында семинар өткізілгендігі туралы айтып өтті.
Шешімі:
Жауапкершілік әрбір кафедра жетекшілеріне жүктелсін.
Әдістемелік кеңестің хатшысы: Ертуганова Б
Алматы қаласы білім басқармасы
«№178 лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Әдістемелік кеңес отырысы
№3 хаттама
8 қаңтар 2019 жыл
Қатысқандар-135
Қатыспағандар-8
Тақырыбы: Бәсекелестік білім беруде мұғалімдердің кәсіби біліктілігі мен шығармашылық деңгейін көтеру арқылы оқу-тәрбие үрдісінің сапасын арттыру жолдары.
Күн тәртібінде:
Негізгі бөлім
Практикалық бөлім
Жауапты: Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы. Кафедра жетекшісі: Сатбаева Р.С
Бірінші мәселе бойынша тыңдалды:
Жаратылыстану кафедрасының жетекшісі Джумабева Г.А сөз алды.
Жаратылыстану онкүндігін 12.11-21.11.2018 жылы аралығында өткізілді. Онкүндіктің мақсаты мен жоспары таныстырылып өтті. Онкүндік аясында Джумабева Гулнар Бейсембековна 13 қараша күні коучинг сабақ өткізілді. Коучинг сабақтың мақсаты: Критериалды бағалау жөнінде түсінік беру. Оқушыларды критериалды бағалаудың тиімділігін ұғындыру. Жаратылыстану кафедрасының онкүндігінде өткізілген ашық сабақтардың ішінде атап кететіндер болса: Ақиқат Ш «Өзгелермен үндесу» 6 «К» сыныбында, химия пәнінен 11 «Б» сыныбында өткірілген «Ацетилиннің алынуы, қасиеттері, қолданылуы» тақырыбында өткізілген сабақ пән мұғалімі: Каимова К.К. «Дүниежүзі елдерінің мемлекеттік және әкімшілік – аумақтық құрылымының формалары» тақырыбындағы Ағажанованың ашық сабағын атап өтуге болады. Онкүндік барысында жоспарланған ашық сабақтар жоспар бойынша өткізілді. Тәірибе алмасу мақсатында пән мұғалімдері жас мамандар, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты. Сабақтарға рефлексиялық талдау жасалған.
Қоғамдық – гуманитарлық пәндер кафедрасының «Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары. Образованное поколение Независимой страны» онкүндігінің талдауының қорытындысы тыңдалды. 4-15 желтоқсанда қоғамдық – гуманитарлық пәндер кафедрасының онкүндігі өтті. Онкүндіктің басталуы 4 желтоқсанда Бекболатова Т. Каирбаева М. жауапкершілігімен ашылды. 5-желтоқсан күні Насухаева А, Коккозова М, Кебеева А, мұғалімдердің басшылығымен зияткерлік ойын өткізілді. 6-желтоқсан орыс тілі мұғалімдері Омарова К, Сафиева Г 10-11 сыныптармен жоғары деңгейде өткізді. 7-желтоқсанда ағылшын тілі мұғалімі Примбаева А. ашық сабағын өткізді. Сабақ өз дәрежесінде өтті. 11-желтоқсан тарих пәні мұғалім Ибрагимова У. «Тарихын білмегеннің болашағы бұлыңғыр» атты 6 сыныптармен сыныпаралық сайысты акт залында өткізді. 12-желтоқсанда ағылшын пәні мұғалімі Сарсенбиева С. интербелсенді тақтамен өткен ашық сабағы жоғары деңгейде өтті. Сабақ мақсатына жетті. 13-желтоқсанда ағылшын тілі мұғалімі Алсаева А орыс тілі мұғалімі Битимбаевалар кіріктірілген ашық сабақ өткізді. Сабақ өте жоғары деңгейде өтті. Оқушыар топтарға бөлініп, атақты адамдар туралы мәліметтер берді. Мұғалімдердің сөйлеу мәдениеттері, оқушылармен қарым – қатынастары талапқа сай болды. Орыс тілі мұғалімі А. Танцарованың «Старый повар» тақырыбында өткен ашық сабағы жоғары деңгейде өтті. 15-желтоқсанда дикаданың жабылуы акт залында өтті.
Екінші мәселе бойынша яғни мұғалімдердің жұмысын бағалау рейтингісі бойынша директордың бағдарлы оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.А. Даулетбаева есеп берді. 2018-2019 оқу жылының І жарты жылдығы бойынша әрбір кафедралардағы мұғалімдердің жетістіктерінің рейтингісін жасады.
Ішінде тоқталып кететін болсақ:
а) Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы бойынша пәндік олимпиада – 4, ғылыми жоба – 3, интелектуалды ойындар – 2, байқаулар – 11, баспа материалдары – 9, семинар – 4, ашық сабақтар – 7, марапаттаулар – 14.
ә) Қоғамдық – гуманитарлық кафедрасы бойынша пәндік олимпиада – 4, ғылыми жоба – 1, интелектуалды ойындар – 26, байқаулар – 2, баспа материалдары – 11, семинар – 4, ашық сабақтар – 6, марапаттаулар – 15.
б) Математика кафедра бойынша пәндік олимпиада – 10, ғылыми жоба – 5, интелектуалды ойындар – 117, баспа материалдары – 18, марапаттаулар – 19.
в) Физика – информатика кафедрасы бойынша пәндік олимпиада – 8, ғылыми жоба – 3, интелектуалды ойындар – 8, байқаулар – 4, баспа материалдары – 5, семинар – 8, ашық сабақтар – 2, марапаттаулар – 9.
г) Жаратылыстану кафедрасы бойынша пәндік олимпиада – 5, баспа материалдары – 1, семинар – 2, ашық сабақтар – 11.
ғ) Эстетикалық бағыты кафедрасы бойынша пәндік олимпиада – 0, ғылыми жоба – 1, байқаулар – 0, баспа материалдары – 1, семинар – 2, әскери-спорттық жарыстар – 31, марапаттаулар – 63.
Үшінші мәселе бойынша: Мұғалімдердің жаңа үлгіде аттестатталуларының қорытындысы бойынша директордың бағдарлы оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.А. Даулетбаева сөз алды. Ағымдағы жылы кезекті мерзімнен бұрын аттестаттаудан өтуге педпгог – модераторға – 2, педагог – зерттеуші – 20, педагог – эксперт – 3, педагог – шеберге – 2 мұғалім өтініш білдірді.
Әр санатқа өзіне қойылатын нақты қойылатын талаптар бар.
Бірінші кезең – ұлттық біліктілік тестілеу
Екінші кезең – қызмет қорытындыларын кешенді талдамалық жинақтау.
Тестілеу кезеңінде педагог – шеберге өтініш берген 1 мұғалім, педагог – зерттеушіге өтініш берген 1 мұғалім өте алмады.
Екінші кезеңде мұғалімдер құжаттар тізімдемесіне сай портфолио жинақталады. Қорытындысы бойынша 1 мұғалімнің портфолиосы өте алмады. Жалпы 23 мұғалім аттестатталды.
педпгог – модераторға – 2
педагог – сарапшы – 3
педагог – зерттеуші – 16
педагог – шеберге – 2
Осы биылғы оқу жылының бірінші жартыжылдығында мектебіміздің біраз оқушылары ғылыми жобада өз бақтарын сынады. Соның ішінде 12 ғылыми жұмыс тиісті орындарға ие болды. Атап айтып кететін болсақ
Физика секциясы бойынша:
Қайрат Индира – І орын
Нұрлыбай Мирас – І орын
Гумаров Рамир – ІІ орын
Математика секциясы бойынша:
Жұмабеков Әділхан – ІІ орын
Ғалымжанұлы Даурен – ІІ орын
Экономика секциясы бойынша:
ІІІ орындар
Физика секциясы бойынша:
Математика бойынша:
Күзербай Қаракөз
Әдебиет бойынша:
Мухтаров Даниял
Тіл білімі бойынша:
Бағашарова Айдана
Пәндік олимпиадаға 22 оқушы қатысты.
Соның ішінде
Ағылшын тілі бойынша:
Әнет Дана 2 орынға ие болды.
Физика пәні бойынша:
Исабек Жеңіс 2 орынға ие болды
Қалалық пәндік олимпиадаға қатысып 3 орынға ие болған оқушылар тізімі:
Практикалық бөлім.
«Бәсекелестік білім беруде мұғалімдердің кәсіби біліктілігі мен шығармашылық деңгейін көтеру арқылы оқу – тәрбие үрдісінің сапасын арттыру жолдары»
Бесінші мәселе бойынша қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының жетекшісі Сатбаева Р.С. баяндама жасады.
Баяндамада елбасының Н.Ә.Назарбаевтың жолдауын тілге тиек ете отырып, бүгінгі таңда білім беру қай жағынанболмасын жаңаша көзқарас, жаңаша қарым – қатынас қалыптастыруды көздейтіндігі айтылады. Білім – бүгінгі күші жахандану жағдайында өркениеттіліктің әрі өлшемі, әрі тетігі, құндылығы болып табылады. Жаңа қоғам педагогы – бұл рухани дамыған, бай шығармашыл үнемі жаңалыққа ұмтылған тұлға. Жеке тұлғаның қалыптасуы – бұл үнемі рухани толғау, даралықты, синтеллектілікті, ішкі және сыртқы жалпы және кәсіби мәдениетті меңгеру дегенді білдіреді. Мұғалім үшін кәсіби шеберлікке жету, өз мамандығының данышпаны болу бір күнде пайда болатын дүние еместігін белгілі. Сондықтан әрбір ұстаз үнемі ізденіс үстінде болу керек, зерттеушілікпен айналысып отыру керек.
Қазақстан Республикасының 12 жылдық білім беру тұжырымдамасында педагог кадрлардың кәсіби – тұлғалық қызметтілігін қалыптастыру басты мақсат екендігін атай келе, 12 жылдық білім беруде педагог төмендегідей құзыреттіліктерді меңгеру керек екен.
Олай болса осы талаптарды ескере отырып педагог мамандар бәсекелестік білім беруде оқу үрдісінің сапасын арттыруда өзін – өзі өзгерте алу қабілеттілігін арттырулары қажет.
Шешімі:
Байсов Ғалы, Джумабаева Гүлнар, Айдарова Айдана, Жандыбаева Торқалы осы аты аталған мұғалімдердің еңбектері аталсын. Қоғамдық – гуманитарлық кафедрасы бойынша Алсаева Айжан мен Битимбаева Жанар Кадировналардың да еңбектеріне алғыс білдірілсін.
Әдістемелік кеңестің хатшысы: Ертуганова Б.
